ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Қожамұрат Өскенбаевтың түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан қарулы күштерінің қатарында мерзімді әскери борышын өтеу мерзімі бір жылға қысқартылуына байланысты заңға күзетшілердің жасына қойылатын шектеуді 21-ден 20-ға дейін азайту жөнінде өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.
Сонымен бірге күзет қызметінің лицензия берілетін түрлерінің тізімінен «күзет тәсілдері және заңсыз озбырлық әрекеттерден заңды қорғану тәсілдері жайында нұсқаулар дайындау және ақыл-кеңестер беру» қызметін алып тастау ұсынылған. Ал күзет және өрт дабылы құралдары мен өртке қарсы автоматикалық жабдықтарды жобалау, құрастыру, орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын күзет қызметінің бір түріне жатқызу ұсынылуда.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.