Мәжіліс лицензия беру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс лицензия беру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс лицензия беру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Лицензия беру және біріккен қадағалау мәселелеріне арналған заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz



Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің түсініктемесіне сәйкес, заңнамаға енгізілетін өзгерістер «біріккен қадағалауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру тәсілі ретінде жетілдіруге, депозит иелерінің құқығын қорғауға, банк іс-қызметінің ашықтығын арттыруға» бағытталған.
«Атап айтсақ, заң жобасында банктердің меншік құрылымы мен банктерді бақылаушы құрылымдардың ашықтығын арттыруды бақылау ұғымын енгізу, сондай-ақ, банк конгломератының ауқымын айқындау қарастырылған. Бұл — уәкілетті мекеменің қадағалау функциясын консолидациялық негізде мейлінше тиімдірек жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді», деді Б.Жәмішев.
Сонымен бірге енгізілетін түзетулер «қаржылық ұйымдарға лицензия беру жүйесін оңтайландыруға, соның ішінде уәкілетті мекеме тарапынан банк өкілдіктерін, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын, зейнетақы жинақтаушы қорларды құруға келісімін беру процедурасын алып тастау; оларды ашуға рұқсат беру шарттарын жеңілдету; қаржылық ұйымдардың жетекшілеріне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге бағытталған».
Сонымен бірге Б.Жәмішевтің айтуынша, «өзгерістер жекелеген банк операцияларын жүзеге асырушы ұйымдардың іс-қызметін реттеуді ырықсыздандыруға» бағытталған. Атап айтсақ, «заңда ломбардтар мен несиелік серіктестіктердің іс-қызметіне лицензия беру және оны бақылауды алып тастау қарастырылған». «Аталған несиелік операциялар жүйелі тәуекелге душар етпейді ал оларды мемлекет тарапынан реттеу тәртіптерін жеңілдету банктік емес мекемелерді несиелер таратуға ынталандырып, тұрғындар мен шағын бизнестің несиелерге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады»,- деді Б.Жәмішев.
Заң жобасында сонымен бірге «шетелдердің қатысуымен құрылған банктердің жарғылық капитал үлесіне, сондай-ақ, шетелдердің қатысуымен құрылған банктердің басқарушылары құрамына, осындай банктердің қызметкерлері құрамына қойылған шектеулерді алып тастау қарастырылған».
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта