Мәжіліс мақта саласын дамыту мәселелері бойынша заң жобаларының топтамасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс мақта саласын дамыту мәселелері бойынша заң жобаларының топтамасын мақұлдады

Мәжіліс мақта саласын дамыту мәселелері бойынша заң жобаларының топтамасын мақұлдады

АСТАНА. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Мақта саласын дамыту туралы" және "Азаматтық кодекске (Жалпы және Айрықша бөлім) мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енегізу туралы" заң жобаларын бірінші және екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

«»Мақта саласын дамыту туралы» заң жобасын енгізудегі мақсат — Қазақстан Республикасында мақта өндіру, өңдеу, сақтау және сату процессінде туындайтын қарым-қатынастарды реттеу және іс-қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау болып табылады»,- делінген мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заңды қабылдау «ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне мақта өсіру нарығына қатысушылардың арасында мақта қолхатын айналдыру жүйесін құру жолымен мейлінше арзан қаржылық ресурстарға қол жеткізу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді». Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, «мақта қолхаты институты ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің құқығын қорғауға нақты кепілдік беріп, түрлі қаржылық пирамидалар құруға жол ашатын алғышарттарды жояды».

Ілеспе заң жобасы «мақта өңдеуші ұйымдардың іс-қызметін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегіне қатысты мәселелер бойынша реттейтін норманы қолдану» және басқа да мәселелерді заңдық тұрғыда бекітуге бағытталған.

Заң жобалары сенаттың қарауына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті