Заң жобасы бойынша жалпы отырыста түсініктеме берген ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетовтың айтуынша, заң жобасында «Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік актілердің мемлекеттік реестрін жүргізуді» республикалық мемлекеттік кәсіпорын құзырына беру қарастырылған. «Еліміздегі құқықтық-нормативтік актілердің саны жыл өткен сайын арта түсуде, сол себепті олардың реестрін жүргізуді әділет министрлігіне қарасты мекемеге міндеттеу ұсынылып отыр»,- деді вице-министр.
Сондай-ақ, заң жобасында туризм саласында Республикалық мемлекеттік Кәсіпорын құру көзделген. «Ондай мекеме Қазақстанға қолайлы туристік имидж қалыптастыру үшін қажет»,- деді С.Баймағамбетов. Оның айтуынша, «мұндай шара туризм саласының инфрақұрылымын қалыптастыруға түрткі болмақ».
Бұған қоса заң жобасында мемлекеттік мекемелерге көлік қызметін көрсететін РМК құру мүмкіндіктері қаралған. «Мұндай РМК құру Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардан автокөлік қызметін сатып алуға жұмсалатын бюджет қаржысы мен уақытты біршама үнемдеуге мүмкіндік береді»,- деді министрдің орынбасары.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр