Заң жобасын таныстырған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Ғабидулла Әбдірахимовтың түсініктемесіне жүгінсек, құжат бойынша Агенттікке сыбайлас жемқорлық қылмысқа барғаны үшін жүктелген тәртіптік жауапкершілікті мерзімінен бұрын алып тастау туралы мәселені келісу құзыреті берілді.
Сонымен бірге Агенттікке мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындауға өкілеттілік берілді. Заң жобасында сонымен бірге өкілеттілік мерзімі аяқталған судьяларды байқаусыз негізде әкімшілік сипаттағы мемлекеттік қызметке қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Түзетулерде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді ауыстырып отыру заңдастырылды.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.