Мәжіліс "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Мәжіліс "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Бүгін, 11-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Ақпан 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы Әбдіхалық Нәлібаевтың хабарлауынша, заң жобасында мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға қатысты барлық ақпаратты бұдан былай байқау негізінде іріктеп алынатын бір басылымда ғана жариялау қарастырылған. Сондай-ақ, заң жобасы байқау комиссиясына демпингтік баға бойынша тауар немесе қызмет түрін сатып алу туралы ұсыныс жасаған потенциалдық сатып алушылардың ұсынысын қабылдамау құқығын береді. Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға бұл рынокта бір жылдан кем емес уақыт жұмыс істеген кәсіпорындар мен потенциалдық сатып алушылар ғана қатыса алатындығы көрсетілген.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар