Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге  енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 18-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді екі оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың түсініктемесіне жүгінсек, «заң жобасы 2003-жылдың 25-сәуірінде елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңның қабылдануына байланысты жасалған, онда ҚР-ның Азаматтық және Әкімшілік Кодекстеріне, сондай-ақ, ҚР «Банкроттық туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған».

Атап айтсақ, ұсынылған өзгертулерге сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлемдерді дер кезінде аудармағаны үшін төлемшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. «Міндетті әлеуметтік сақтандару үшін төлемшілерді банктегі есепшотынан қаржы аударып алу, банкроттыққа ұшырау процедурасы барысында міндетті әлеуметтік төлемдерді аударуға міндеттеу» заң жүзінде реттеледі,- деді Г.Қарағұсова. Мәселен, кәсіпорын банкроттыққа ұшыраған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандару қорына аударатын төлемдерді екінші кезекке қою ұсынылған. «Аталмыш заң жобасын қабылдау — болашақта міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемдерін аударудан берешек қалыптастырмауға мүмкіндік береді»,- деді министр.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар