Мәжіліс монополия туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс монополия туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс монополия туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Кеше, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Табиғи монополиялар туралы" заңға табиғи монополия субьектілерінің реттелетін қызмет түрлерінің (тауар, жұмыс) тарифтік сметасы мен тарифтерін (баға, алым ставкаларын) бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы табиғи монополия субьектілерінің реттелетін қызметтерінің тарифі мен сметаларын бекіту ісін оңтайландыру мақсатында жасалған»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, заң жобасында «техникалық нормативтік мәселелер» қайтадан қаралған. Атап айтсақ, тарифтер қазіргідей жарты жылда емес, жыл сайын бекітілетін болады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта