Мәжіліс "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 20-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Қазан 2004
  • 1606
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын таныстырған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың түсініктемесіне жүгінсек, осынау заңды қабылдаудағы басты мақсат — «мүгедектерге тіршілік қам-қарекетіндегі шектеулерді жеңіп шығуға бірдей нақты жағдайлар жасауға, қоғам өміріне толыққанды араласуға, оларға қажетті көмек көрсетуге бағытталған шараларды дәйектеу» болып табылады.

Заң жобасы мүгедектерді әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын нақтылап жүйелейді. «Басты адам құқықтарын ескеру негізінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау құқықтары мен оларды қоғамға кіріктіру, ақпарат, білім алу және денсаулығына қарай мамандық таңдау, кепілді ақысыз дәрігерлік көмек, кәсіби мамандық шыңдау және қайта білім шыңдау, еңбек қабілетін қалпына келтіру және жұмысқа орналасу құқықтары анықталған»,- деді Г.Қарағұсова.
Сондай-ақ, заң жобасында медициналық әлеуметтік және кәсіптік реабилитациялау шаралары нақтыланған. Министрдің айтуынша, «жобада мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың бұған дейінгі таза медициналық моделінен медициналық-әлеуметтік моделіне бетбұру көзделіп, мүгедектіктің алдын алуға назар аударылған». Заң жобасы бойынша мүгедектер мен ұзақ уақыт ауыратын, ағзасында мүгедектікке ұрындыратын ақауы бар адамдар жөніндегі мәліметтер қорын құру қарастырылған.
Г.Қарағұсованың айтуынша, мәліметтер қорының алғашқы нұсқасы қазір жасалып та қойды және ол биылғы жылдың соңына дейін Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысында іске қосылады.
Заң жобасында мемлекеттік әлеуметтік даяшылық стандарттарын жасау қарастырылумен бірге көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізімі кеңейтіліп, күндізгі стационарлармен қоса әлеуметтік көмек көрсететін аумақтық орталықтар құру жоспарланған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта