Мәжіліс мүшесі Момышев "Air Astana" компаниясының қызметін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс мүшесі Момышев "Air Astana" компаниясының қызметін сынға алды

Мәжіліс мүшесі Момышев "Air Astana" компаниясының қызметін сынға алды

Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев үкіметтен "Air Astana" әуе компаниясының қызметінде тәртіп орнатуды сұрауда.

  • 29 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

«Мәжіліс депутаттары тарапынан «Air Astana» әуе компаниясының қызметіне сын айтылған көптеген сауалдар болды. Әуе қызметі рыногында оның басым түсуі әуе тасымалының дұрыс бәсекелестігіне зиян келтіреді», — деп А.Момышев бүгін жалпы отырыста үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдады.

Парламент мүшесінің пікірінше, «Air Astana» бойынша қатаң ұсыныстармен арнайы қаулы дайындап, ұшақ билеттерінің құнын «тәртіпке келтіру керек», өйткені әуе компаниясының бағалары ешқандай да сын көтермейді.
«Әуе компаниясы өзінің басым рөлін теріс пайдаланады және билет құнын жөн-жосықсыз қымбаттатып, жолаушылар мүддесіне нұсқан келтіреді. Осы мәселе бойынша тиісті шара қабылдауыңызды сұраймыз», — дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар