Жарияланды: 770

Мәжіліс неке және отбасы туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Неке және отбасы туралы" кодекс жобасын үшінші оқылымда мақұлдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді. Жобаны үшінші оқылымға дайындау барысында 50-ден астам ұсыныс келіп түскен. Құжаттың екінші оқылымы былтыр маусым айының соңында өткен болатын. Бұрын хабарланғандай, бұл заң жобасы жетім балаларды асырап алу қызметін көрсету жөніндегні агенттік қызметін заңдастырады. Мұнымен қоса кодекс жобасында жыныстық бағыты өзге тұлғалардың, толық емес отбасылардың, сотталғандардың, 50-ден жасы асқан адамдардың, материалдық мүмкіндігі шектелгендердің, тұрғыны жоқтардың балаларды асырап алуына тыйым салатын нормалар бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін