Палата отырысына заң жобасын таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетовтың түсініктемесіне сәйкес, құжатта «Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік актілердің эталондық бақылау қоры» атты ұғының мәні дәйектелген. Оның айтуынша, бұл ұғым қолданыстағы заңда пайдаланылатынына қарамастан, оның анықтамасы ешбір құқықтық-нормативтік актіде берілмеген.
Сонымен бірге онда заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына парламент депутаттарымен қатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін де қамту ұсынылып отыр.
Құқықтық-нормативтік актілердің мемлекеттік реестрін тиісті деңгейде жүргізу үшін заң жобасында мемлекеттік мекемелерге актілерді әділет министрлігіне жолдау міндеті жүктеледі.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке жолданды.