Мәжіліс "Нормативтік құқықтық актілер жөніндегі" заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Нормативтік құқықтық актілер жөніндегі" заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

Мәжіліс "Нормативтік құқықтық актілер жөніндегі" заңға енгізілетін толықтыруларды мақұлдады

АСТАНА. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 408
Фото - Caravan.kz

Енгізілетін толықтырулар, «үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстары жоспарларын нақтылау, нормативті құқықтық актілері жобаларын рәсімдеу, орталық мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауды қамтамасыз етеді»,-дейді әділет вице министрі Дулат Құсдәулетов.

«Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткізу бөліміне қатысты ережелер нақтыланады, мемлекеттік тіркеуге жататын және күшіне енбеген нормативті құқықтық актілерді міндетті түрде жою институты енгізіледі»,-деді ол.

«Заң жобасында мемлекеттік органдарға өздері жасайтын актілерде нормативті құқықтық актілердің күшіне енетін уақытын және мерзімі аяқталған актілердің күші жойылды деп тану міндеті бекітілген»,-деді вице министр.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта