«Хаттаманың мақсаты метрологиялық жұмыстар кезіндегі техникалық кедергілерді жою, өлшемдер бірлігін және өлшем нәтижелері жөніндегі өзара сенімді қамтамасыз ету, ТМД елдерінде эталон базасының жобасын жасау, құру және жетілдіру», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қаупісіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Калибровка, салыстыра айыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында тасымалданатын тауарлар арнаулы рұқсат алудан, кедендік баж салығы мен салықтар төлеуден босатылады.
Хаттаманы ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы комиссия мақұлдаған, оның шешіміне ТМД-ға қатысушы 8 мемлекеттің басшысы 2007 жылдың 22 қарашасында Ахшабадта қол қойған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті