Заң қабылдау тәртібіне сәйкес құжат одан әрі қаралу үшін парламентке жіберілді.
«Заң жобасында артық әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған нотариустар санына квота белгілеу институтын алып тастау туралы ереже бекітілген», деді мәжілісте заң жобасын ұсынған кезінде әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев.
Сонымен қатар, деді ол, бұл құжаттың нормалары арқылы нотариустың тіркеуді есепке алуға қатысты ролі елеулі артады және нотариустың лицензиясын алып тастау немесе оны тоқтатып қою үшін қосымша негіздемелер көзделген», деді ол.
А.Аманбаевтың айтуынша, заң жобасы арқылы нотариалды қызметпен айналысуға лицензия алу үшін талап етілетін жұмыс стажын екі жастан бес жылға дейін ұлғайту ұсынылған.
Заң жобасы арқылы нотариустарға жасы жағынан шектеу енгізілген, 30 жастан жас адам нотариус бола алмайды.