Мәжіліс өкілдері ресми сапармен Мәскеуге бармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс өкілдері ресми сапармен Мәскеуге бармақшы

Мәжіліс өкілдері ресми сапармен Мәскеуге бармақшы

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов басқарған өкілдер 27-қыркүйекте ресми сапармен Мәскеуге бармақшы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне палатаның баспасөз қызметі.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамында заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет төрағасы Сергей Жалыбин, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі, «Отан» республикалық саяси партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Әмзебек Жолшыбеков, депутаттар Аманжан Жамалов, Сатыбалды Ибрагимов, Владимир Нехорошев, Ғаділбек Шалахметов және Асқар Бейсенбаевтар бар.

Сапар бағдарламасының аясында О.Мұхамеджанов РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловпен кездеседі. Сонымен бірге бағдарламада мәжіліс депутаттары Мемлекеттік думаның профильдік комитеттерінің өкілдерімен кездеседі.
Сапар барысында Федерациялық кеңес төрағасы Сергей Мироновпен кездесу межеленген. Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы Ресей халықтар достығы университетінде және «Қазақстанның достары- елшілердің клубында» сөз сөйлейді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта