Мәжіліс Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 7-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы "Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымын құру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 471
Фото - Caravan.kz

2002 жылғы ақпанның 28-інде Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының саммитінде қол қойылған келісімге сәйкес Орта Азиядағы төрт мемлекет — Қазақстан , Қырғызстаны, Тәжікстан және Өзбекстан Республикалары Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымын «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымына айналдыруға келісті. «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру «саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар саласында саяси диалогты одан әрі жалғастырып, диверсификациялау, аймақтағы экономикалық интеграцияның нысандары мен тетіктерін жетілдіру, көп қырлы ынтымақтастықты жандандыру мақсатын көздейді»,- делінген заң жобасына қатысты мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті әзірлеген қорытындыда.

Осы орайда бір айта кетерлігі, Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына мүше-елдердің аясында бұған дейін қол қойылған келісімдер мен уағдаластықтар, сондай-ақ, мемлекет басшыларының шешімдерінің аталмыш келісімге қайшы келмейтін бөлімдері күшінде қала береді.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымы шеңберінде бірінші болып аталмыш келісімді ратификациялауға кірісті.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар