ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақованың түсініктемесіне жүгінсек, «өзгерістер көбінесе келісімді нақтырақ тұжырымдауға қатысты болып отыр». Атап айтсақ, енгізілген өзгертулерге сәйкес, орталық ҚР заңдарына сәйкес белгіленетін барлық түрлі алым-салықтар мен бюджетке аударылатын басқа да міндетті төлемдерден босатылады. Сондай-ақ, орталықта ресми тұтыну мақсатымен елге әкелетін заттарға кедендік төлемдер төлеу мен оларды елге әкелуге немесе елден шығаруға қатысты шектеулерден босатылады.
Аймақтық экологиялық орталықтың жұмыс шарттарына қатысты келісімге 2000-жылдың 12-мамырында қол қойылып, ҚР парламенті оны 2000-жылдың 5-шілдесінде бекітті.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.