Мәжіліс Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады

Бүгін, 19-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан, Еуропалық Қоғамдастық комиссиясы мен БҰҰ-ның даму бағдарламасы арасында нота алмасу түрінде Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Қараша 2003
  • 474
Фото - Caravan.kz

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақованың түсініктемесіне жүгінсек, «өзгерістер көбінесе келісімді нақтырақ тұжырымдауға қатысты болып отыр». Атап айтсақ, енгізілген өзгертулерге сәйкес, орталық ҚР заңдарына сәйкес белгіленетін барлық түрлі алым-салықтар мен бюджетке аударылатын басқа да міндетті төлемдерден босатылады. Сондай-ақ, орталықта ресми тұтыну мақсатымен елге әкелетін заттарға кедендік төлемдер төлеу мен оларды елге әкелуге немесе елден шығаруға қатысты шектеулерден босатылады.

Аймақтық экологиялық орталықтың жұмыс шарттарына қатысты келісімге 2000-жылдың 12-мамырында қол қойылып, ҚР парламенті оны 2000-жылдың 5-шілдесінде бекітті.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар