Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің 4 бабы бойынша әр тарап ядролық қару мен жарылғыш заттардың кез-келген түрін ойлап таппауға, өндірмеуге, және сынақ жасамауға, сақтамауға міндеттенеді. Ондай заттармен көмек қабылдамауға тырысады. Өз аймақтарында басқа елдердің радиоактивтік қалдықтарын сақтауға жол бермейді деген міндеттеме қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті