Мәжіліс "Өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 3-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 1204
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтың айтуынша, «заң жобасының басты мақсаты — негізгі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін қолайсыз күн райының залал-зардабынан сақтау болып табылады».

Оның айтуынша, өсімдік шауашылығындағы міндетті сақтандыру шарты астық және майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта тәрізді негізгі төрт түрлі дәнді дақылға қатысты енгізіліп отыр. А.Есімов осы орайда соңғы жылдарда ауылшаруашылығын қорғауға республикалық бюджеттен жеткілікті мөлшерде қаржы бөлініп отырғанын алға тартты. Мәселен, 2003-жылы «республикалық бюджеттен 46 млрд. теңге игерілді, бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 43 процентке артық. Ал 2004-жылы бұл мөлшерді 27 процентке арттырып 69,5 млрд. теңгеге жеткізу көзделген». «Мемлекет бөлген осындай қыруар қаржының қауіпсіздігін сақтаудың маңызы айрықша зор «,- дей келіп А.Есімов: «бұл орайда сақтандыру институтының ролі мейлінше арта түспек»,- деп атап көрсетті.
Заң жобасында «қолайсыз күн райының ахуалына байланысты егін толықтай немесе жартылай шығынға ұшыраған жағдайда ауылшаруашылығының тауар өндірушілері шегетін шығынның орнын толықтыру» мүмкіндіктері қарастырылған. Қолайсыз күн райы құбылыстары ретінде қуаңшылық, үсік шалу, қатып қалу, жылу тапшылығы, мөлшерден тыс ылғалдылық, бұршақ жауу, нөсер, дауыл, боран, құйын, су тасқыны тәрізді табиғаттың тосын мінездері аталды. А.Есімовтың айтуынша, заң жобасында түрлі аурулар мен кеміргіштерден сақтандыру қарастырылмаған. «Мемлекеттік қорғау аясындағы бұл бағыттағы шаралар басқа заңда ескерілген»,- деді ол.
Сондай-ақ, үкімет басшысы орынбасарының түсініктемесіне сәйкес, «осындай қызмет түрімен шұғылдануға лицензия алған сақтандыру компаниялары ауылшаруашылығының тауар өндірушілерімен келісім-шартқа қол қойып, тәуекелділікті сақтандыруы тиіс». Сақтандырушы ұйымды ауылшаруашылығының тауар өндірушілері өздері таңдайды деді ол. Сақтандыру сыйақысының мөлшері өнімнің түріне, егістік алқаптар орналасқан аймаққа және шеккен шығын көлеміне байланысты болмақ. Заң жобасына сәйкес, сақтандыру сыйақысының мөлшері бір гектарға 0,8-8 доллар аралығында болуы мүмкін. Сондай-ақ, сақтандыру жағдайы туындағанда сақтандырушыға төленетін сақтандыру төлемінің 50 процентін өтеп беру үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға республикалық бюджеттен қаржы бөлу жолымен өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыру шарасына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі де заңда ескерілді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар