Бұл келісім қазақстан жағынан Сарышаған, ресей жағынан Астрахань облысындағы Ашулық полигондарын пайдалану тәртіптерін айқындайды.
Аталмыш мәселе бойынша палата отырысында түсініктеме берген ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, бұл келісім тараптардың әскери атыстарды ұйымдастыру және өткізудегі құқығы мен міндеттерін айқындайды. Келісім нормаларында жауынгерлік атыстарды ұйымдастыруда қолданылатын қару-жарақ, әскери техника мен нысаналарды беру, жеткізу және оларды кері әкету, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану тәртіптері мен қолданылған қару-жарақты әкету тәртіптері дәйектелген. Сондай-ақ, келісімде жауынгерлік атыстарды қамтамасыз етуге, полигондағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және медициналық қызмет көрсетуге қатысты шығындарды өтеп беру қарастырылған. «Бұл келісім полигондарды пайдалану тәртіптерін ретке келтіреді»,- деді А.Тасболатов.
2003-жылы қазақстан жағы 74 зымыран ұшырды.
ҚР қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір Ресейде бұл келісім бойынша келісу процедуралары өткізілуде. Атап айтсақ, А.Тасболатовтың айтуынша, » төлем шаралары қалай жүзеге асырылатындығын анықтау үшін келісімге Ресей қаржы министрлігі қол қоюы тиіс. Олар қол қояды дегенге біз сенеміз»,- деді вице-министр.
Келісім сенаттың талқысына ұсынылды.