Мәжіліс Өзара өнім бөлісу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Өзара өнім бөлісу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Өзара өнім бөлісу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 20-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Теңіздегі мұнай операцияларын жүзеге асыру барысында Өзара өнім бөлісуге қатысты келісімдер туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 476
Фото - Caravan.kz

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің түсініктемесіне сәйкес, бұл заң жобасы «теңізде мұнай өндіру операцияларын жүзеге асыру барысында Өзара өнім бөлісуге қатысты келісімдерге құқықтық база қалыптастырады». В.Школьниктің түсініктемесіне сәйкес, заң жобасы арқылы өнімді өзара бөлісу шартымен теңіздегі блоктарды пайдалану мерзімі айқындалады. Мәселен, Өзара өнім бөлісу туралы келісімнің күшінде болу мерзімін тараптар келісімге қол қойылған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгілейді. Бұл орайда келісімнің мерзімі барлау және өндіру шараларын қоса атқарған жағдайда 35 жылдан, тек өндірумен шұғылданған жағдайда 25 жылдан, ал бірегей қорларды игерген жағдайда 45 жылдан аспауға тиіс.

Сонымен бірге заң жобасы Ұлттық компанияға теңізде мұнай өндіру бойынша Қазақстан қол қойған өзара өнім бөлісу жөніндегі барлық келісімдерге мердігер ретінде 50 проценттен кем емес үлеспен қатысып отыруға құқық береді. Сонымен бірге мердігер ретінде бірнеше ұйым қатысатын Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім бойынша құзыретті мекемені ҚР үкіметі анықтайды деген ереже енгізілді. Бұл жерде аталмыш мекеменің функциясы Ұлттық компанияға екі жағдайда ғана жүктеледі. Біріншіден, Ұлттық компания жер қойнауын пайдалану туралы құқығын өзіне тиесілі еншілес компанияға өткеріп берген жағдайда, екіншіден, жобадағы өз үлесін сатқан жағдайда. Қалған жағдайларда бұл функцияны үкімет мемлекеттік мекемеге немесе аталмыш келісім бойынша мердігер болып табылмайтын ҚР өзге заңды тұлғасына жүктейді.
Сонымен бірге заң жобасында мұнай операцияларын өткізу құқығына ие болу үшін байқауға қатысу шарттары регламенттеледі. Мәселен, мұнайды бірлесіп барлау және өндіру жұмыстарын жүзеге асыруда Қазақстан жағының міндетті түрде қатысуын қарастыру, сонымен қатар мұнайдың белгілі бір көлемін міндетті түрде Қазақстан аумағында өңдеу үшін сатуды қарастыру ұсынылып отыр.
Заң жобасында белгіленгеніндей, болашақ мердігер тарапынан жоғары технологияларды, жаңа және өңдеуші кәсіпорындарды, магистралдық және басқа да құбырларды дамыту, сондай-ақ, инфрақұрылымдық және басқа да нысандарды салып бірлесе пайдалану туралы жасалған ұсыныстар — байқау жеңімпазын іріктеудің басты шарттары болмақ.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірқатар тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстар енгізді. Мәселен, мәжіліс депутаты Марал Итеғұлов заң жобасына Өзара өнім бөлісу туралы келісімді парламентте мақұлдау туралы ереже енгізуді ұсынды. Өзара өнім бөлісу туралы келісім Ресейде осындй принципке сәйкес бекітіледі. Дәл осы ұсыныс заң жобасын екі оқылымда қарау туралы шешім
қабылдауға түрткі болды.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін мәжілістің салалық комитетіне жіберілді.

Перейти к новостям спорта