Мәжіліс "Парламент туралы және парламент депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді жұмыс жоспарына қамтыды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Парламент туралы және парламент депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді жұмыс жоспарына қамтыды

Мәжіліс "Парламент туралы және парламент депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді жұмыс жоспарына қамтыды

Бүгін, 19-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Парламент туралы және парламент депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмыс жоспарына қамтыды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Қаңтар 2005
  • 1314
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы авторларының бірі, мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалиновтың айтуынша, құжат бойынша депутаттық фракцияларға мәжіліс төрағасының лауазымына кандидат ұсынуға және палата төрағаларының орынбасарларын кері шақырып алу жөнінде ұсыныс енгізуге құқық беріледі. Сонымен бірге депутаттық фракциялардың жетекшілерін парламенттің үйлестіруші органдарының (сенат пен мәжіліс бюролары) құрамына енгізу, палата бюроларының функциялары аясын кеңейту ұсынылған.

Заң жобасына сәйкес, депутаттық фракцияларға парламенттік тыңдаулар өткізу, жалпы отырыста қаралмай тұрып заң жобалары туралы қорытынды жасау құқығы берілмекші. Жобада депутаттық фракция аппаратын парламент аппаратының дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде қалыптастыру туралы норма ескерілген.
Мәжіліс депутаттары сонымен бірге «ҚР парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға енгізілетін түзетулерді талқылауға қабылдады. Заң жобасында комитеттер мен комиссияларды құру мен олардың жұмысы барысында депутаттық фракциялардың өкілеттігін кеңейту қарастырылған.

Перейти к новостям спорта