Мәжіліс президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты мәселе бойынша Конституциялық кеңеске жолдананатын сауалды әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты мәселе бойынша Конституциялық кеңеске жолдананатын сауалды әзірледі

Мәжіліс президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты мәселе бойынша Конституциялық кеңеске жолдананатын сауалды әзірледі

Мәжіліс депутаттары президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты Ата заңның 94 және 41-баптарына түсініктеме беруді өтініп Конституциялық кеңеске жолдананатын сауалдың мәтінін әзірледі. Бұл туралы бүгін, 27-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс депутаты Валерий Котович құлағдар етті.

  • 27 Маусым 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Пікірлердің қарама-қайшылығына байланысты, мәжіліс депутаттары біздер шешім қабылдау барысында конституцияны бұзуға жол беріп алуымыз ықтимал,- деді ол. Осыған байланысты ол әріптестерінен өтінішке қол қоюды сұрай отырып, хаттың алдағы 1-2 күнде Конституциялық кеңеске жолдананатын хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов президент сайлауының мерзіміне қатысты ауызша жауап береді деп күткен еді. Алайда, заңнамаға сәйкес Конституциялық кеңес «президент, үкімет басшысы, парламент палаталарының төрағалары мен парламент депутаттарының бестен бір бөлігінен көбісі қол қойған» ресми өтініш келіп түскен жағдайда ғана Конституция баптарына ресми түсініктеме беретінін еске салды.

Перейти к новостям спорта