Мәжіліс "Қаржы рыногі мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі " ҚР заңының жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қаржы рыногі мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі " ҚР заңының жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қаржы рыногі мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі " ҚР заңының жобасын мақұлдады

Бүгін, 18-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қаржы рыногі мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі " ҚР заңының жобасын мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Маусым 2003
  • 567
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әнуар Сәйденовтың айтуынша, жоба қаржы рыногін мемлекеттік реттеу және қадағалау процессін жетілдіру, сондай-ақ, тұрақты қаржы жүйесін қалыптастыру мақсатында жасалды.

Заң жобасында қаржы рыногін мемлекеттік реттеу және қадағалау функциясын арнайы мемлекеттік мекеме жүзеге асырады, оған қаржы рыногі мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі жекелеген функциялар беріледі деп көрсетілген.
Заң жобасына сәйкес, қаржылық қызмет көрсету саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар тең құқылылық әрі әділетті бәсекелестік ахуалында жұмыс істейтін болады.
Жалпы алғанда, заң жобасын қабылдау — Ұлттық қаржы рыногінің халықаралық беделін арттырумен бірге, Қазақстанда өркениетті бизнеспен айналысуға тең дәрежелі мүмкіндіктер мен кепілдіктер белгілеу арқылы іскерлік байланыстарды нығайтып, сенімділікті арттырады.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар