Мәжіліс қаржы жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс қаржы жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс қаржы жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - - Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен бүгін өткен палатаның кезекті жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қазан 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов заң жобасы жөнінде баяндама жасады. Бұл құжат Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында даярланды.

Аталған құжат бойынша Мәжілістің барлық тұрақты комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытынды берген. Жұмыс тобының отырысында қаржы жүйесін тұрақтандыру мақсатында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңның кәсіби бухгалтерлерді сертификаттауға қатысты заңның 9 бабы екінші бөлігінің қолданысқа енетін мерзімін ұзарту мәселесі бойынша түзету енгізілді. Заң жобасы бойынша барлығы 100-ден астам ескерту мен ұсыныс түсіп, олар жұмыс тобының отырыстарында, комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланып, салыстырма кестеге енгізілген. Заң жобасы бойынша қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сейітсұлтан Әйімбетов қосымша баяндама жасады. Депутат Кенжеғали Сағадиевтің сөзімен айтқанда «банк жүйесін реттейтін заң баяғыдан қажет болып жүр еді».

Заң жобасы сенатқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар