Жарияланды: 740

Мәжіліс қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен өзгертулер енгізуді екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 10-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен өзгертулер енгізуді екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін түске дейін заң жобасына енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда талқылау барысында сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Дулат Айтжанов : "Мемлекеттің міндеті - тұрғындардың уақытша тұтынымнан тыс, артық қаржысын тікелей лизинг мақсатына арнауға мүдделілігін арттыратындай заңдық реттеу жүйесін құруға саяды",- деп атап көрсетті. Оның айтуынша, заң жобасы арқылы Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық кодекстер мен "Қаржылық лизинг туралы" заңға түзетулер енгізілмекші. Атап айтсақ, Азаматтық Кодекске енгізілетін түзетулер лизингтің жекелеген түрлерін заңдық негізде қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырады. "Қазір Азаматтық кодексте лизинг туралы келісім-шартты жалпылама реттеу ғана қарастырылған, алайда бұл ретте лизингтің қаржылық түрінің болуы туралы мүмкіндік ескерілмеген",- деді вице-министр өз түсініктемесінде. Оның атап көрсетуінше, "қаржылық лизингтің кейбір ерешеліктері бар, атап айтсақ, оған ең төменгі мерзімдік шектеу қойылған. Ал шын мәнінде қаржылық лизинг мерзімі үш жылдан жоғары болуы керек". Ал Азаматтық-процессуалдық кодекске енгізілетін түзетулер "лизингге берілген бұйымды ешбір дау-дамайсыз талап ету туралы сот бұйрығын шығару мүмкіндігін" заңдастырады деді вице-министр. "Бұл лизингіге берілген бұйымды сот жүзіндегі ұзақ дау-дамайсыз-ақ кері қайтарып алу талабын заңнамалық кепілдендіретіндіктен лизинг берушінің талап ететін кепілзат мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді",- деді Д.Айтжанов. Ал "Қаржылық лизинг туралы" заңға әділет техникасына қатысты түзетулер енгізіледі. Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін