Мәжіліс Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 8-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 8 Қазан 2003
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізінің табанын бөлісу жөніндегі екі жақты келісімдерді үш мемлекет те бекітіп, олар күшіне енгендіктен келісім тек техникалық сипатта болмақ»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов.

Оның айтуынша, аталмыш заңды қабылдау нәтижесінде Каспий теңізінің Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық учаскелерінің шегін белгілеу процессін заң жүзінде рәсімдеу жұмысы аяқталады. Сонымен бірге бұл, бірінші кезекте Қазақстанның Каспий теңізіндегі экономикалық мүддесін жүзеге асыруға оңды әсерін тигізбек.
Құжатқа сәйкес, Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығының түйіліс нүктесінің географиялық координаттары 42°336 -тық солтүстік ендік, 49°533-тық шығыс бойлық сызық арқылы өтетін болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімге 2003-жылдың 14-мамырында Алматыда қол қойылған болатын. Келісімнің 2-бабына сәйкес, келісім қол қойған күннен бастап қолданылып, тараптардың тиісті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғандығы туралы соңғы жазбаша түрдегі хабарландыру хатынан кейін күшіне енеді.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар