Заң жобасын таныстырған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың түсініктемесіне сәйкес, хаттамаға 2004-жылдың қараша айында Женевада Қазақстанды Бүкіәлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату жөніндегі жұмыс тобының отырысы аясында қол қойылды. Грузия атамыш жұмыс тобының мүшесі екені белгілі. «Хаттамада 2005-жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен жиналатын алымдарды сатылы түрде алып тастау жөніндегі кестені жүзеге асыру қарастырылған»,- деді ол. Қазіргі жағдаймен Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен спиртті және спиртсіз өнімдерден, темекі мен қанттан алым жиналады. Ал Грузия жағы Қазақстанға қатысты алым қолданбайды.
Б.Смағұловтың айтуынша, хаттаманы бекіту «екі ел арасындағы еркін сауда аймағын қалыптастыру процессін аяқтауға мүмкіндік береді».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.