Келісімде кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастық, кедендік баж салығын, салықтар мен басқа да төлемдерді дұрыс жинауды қамтамасыз ету, кедендік заңдарды бұзу оқиғаларының алдын алу және әшкерелеу, мамандарды оқыту және ақпарат алмасу қарастырылған.
Келісімде мәліметтер мен құжаттар беру, тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, алынған құжаттар мен мәліметтерді пайдалану тәртіптері дәйектелген. Мәселен, тергеу жүргізу барысында сұрау салынған кеден мекемесі ұлттық заңнамалар аясында жұмыс істейді, бұл ретте ол сұрау салған кеден мекемесінің лауазым иелеріне тексерулер мен тергеу ісіне араласуға рұқсат бере алады.
Келісімге 2002-жылғы 24-мамырда Варшава қаласында қол қойылған.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.