Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 24-наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Наурыз 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бұл келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылған.

Аталмыш мәселе бойынша палата отырысында баяндама жасаған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошановтың айтуынша, келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ. Келісім Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы
халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.
Е.Қошанов сондай-ақ, аталмыш келісімнің ережелері екі жақты жол байланысы арқылы халықаралық автокөлік жүк тасымалына және келісімге қол қоюшы мемлекеттер аумағы арқылы транзитті жүріп өтуге, сондай-ақ, қазір көбінесе Қазақстан жағы ғана жүзеге асырып отырған, үшінші елдерге жүк тасымалдауға рұқсат алмау жүйесін енгізуді қарастырады.
Келісім сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар