Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялауды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялауды мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялауды мақұлдады

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Күләш Шаәмшидинованың айтуынша, бұл жоба бойынша несиелік келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған. Құжатқа сай, Әлемдік банк $13,4 млн көлемінде несие бөледі. Республикалық бюджеттен тең қаржыландыру есебінен $61,6 млн бөлінбек. Әлемдік банк несиесінің мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда — 15 жыл.

Жобаның бір ерекшелігі — ғылым жөніндегі халықаралық кеңестің құрылатындығында. Оған халықаралық сарапшылар мен кеңесшілер енеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі — 2008 — 2012 жылдар, деді К. Шәмшидинова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар