Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 18-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы Қазақстан және Жапония үкіметтерінің арасында нота алмастыру түріндегі келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Жобаның мақсаты — Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, жоба барлығы 38 мың адам тұратын 15 елді мекенді қамтиды. 4,5 млн. доллар көлеміндегі грант » су жинаушы жаңа ұңғыларды салу және су таратқыштарды монтаждау мақсатына» арнап бөлінеді,- деді вице-министр.
А.Күрішбаевтың айтуынша, Қазақстан жағы «су жинағыш ұңғыларды салу және су таратқыштарды монтаждау жұмыстарын техникалық атқаруды өз мойнына алады». «Жоба жүзеге асырылғаннан кейін оған қолданылған Жапониялық бұрғылау техникасы мен басқа да арнайы жабдықтар аймақтардағы өзге де осындай жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылады «,- деді вице-министр.
Оның айтуынша, жабдықтарды әәкелу 2004-жылға, ал ұңғылар мен су таратқыштарды салу 2005-2006-жылдарға жоспарланып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету» жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы Қазақстан және Жапония үкіметтерінің арасында нота алмастыру түріндегі келісімге 5-қарашада Астанада ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки қол қойған.
Келісім сенаттың бекітуіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар