Заң жобасының мақсаты — республикамызға қажетті мамандарды тартуға жағдай жасау болып табылады. Ол үшін жекелеген мамандық иелерін ҚР азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін енгізу ұсынылып отыр. Мұндай мамандық түрлерінің тізімін мемлекет басшысы бекітеді.
Заңды қабылдау қосымша қаржы жұмсауды қажет етпейді.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.