Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, Қазақстанда ойын бизнесіне қатысты мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсаты көзделуде. Осы орайда үкімет еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындаған.

Заң жобасының тұжырымдамалық негізі туралы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады.

Баяндамашының мәлімдеуінше, заң жобасы еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді көздейді. Айталық, ойындар мен бәс тігуді өткізуге және оған қатысуға байланысты талаптарды нақтылау үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгеріс енгізіледі.

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін ретке келтіру және олардың жауаптылығын күшейту мақсатында заң жобасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу көзделеді.

Салық кодексіне тотализатордың және букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларымен ойын бизнесінің салық салу объектілерін толықтыру бойынша өзгерістер енгізіледі.

Заң жобасында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға, атап айтқанда, Қазақстанның ойын бизнесі саласындағы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау түрлері бөлігінде толықтырулар енгізіледі.

Бұдан басқа заң жобасында ойын бизнесі саласындағы терминдер нақтыланды, ойын бизнесі саласындағы лицензияның қолданылу мерзімі айқындалған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нормаларды көздейтін қосымша баптармен толықтыру болжанып отыр.

Заң жобасын қабылдау ойын бизнесін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыратын болады.

Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі депутат Жексенбай Дүйсебаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыс істеуде. Бұл туралы мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы кезінде ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Қазір ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыстарын одан әрі жалғастыруда», -деді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, «ойын автоматтарының қожайындары ақшаның орнына түрлі халық тұтынатын тауарлар, телефон байланысының төлем талондарын, жанармай талондарын таратуда. Өйткені, қолданыстағы заңға сәйкес, құмар ойынына қатысушы ақша алған жағдайда ғана бұл — құмар ойынының басты белгісі болып саналады».

«Осыған байланысты жаңа заң жобасымен заңның әсері аясына ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтарын да қосу қарастырылуда. Сондай-ақ, заң жобасымен ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға берілетін лицензия мерзімін 10 жылмен белгілеу жоспарланған «, -деді вице-министр.

«Клиенттің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін жобада ойын бизнесі мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазба жүйелерімен жабдықтау көзделуде», — деді Қ. Өскенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар