Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті (толық нұсқасы)

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті (толық нұсқасы)

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қазан 2008
  • 969
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Сенаттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, палата отырысының күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Экономиканың қаржы секторын тұрақтандыруды мақсат еткен құқықтық шаралардың мезгілінде жүзеге асып жатқанын атап өте келіп, депутаттар осы шаралармен бірдей құқықтық негізді қалыптастыруға, несиеге тәуелді салаларды қаржыландыру жөніндегі банк қызметін белсенділендіру, шағын және орта бизнесті нақты қолдау мәселелерін қозғады.

Еске сала кетейік, қаржы жүйесіндегі тәуекелді анықтау тетіктерін жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасымен Қылмыстық кодекс пен басқа он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні аталып өтілді.

Қылмыстық кодексте қаржы ұйымдарын еріксіз таратылуға апарып соғатын жағдайға жеткізген қаржы ұйымына ірі қатысушыға қылмыстық жауапкершілікті енгізу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» заңдарға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар аясында қаржы ұйымдарының акционерлерінің қаржы жағдайын жақсарту жөніндегі талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті органның құзіретін кеңейтуді қарастырады. Қабылдаған міндеттерге жауапкершілігін күшейту мақсатында қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері мен ірі қатысушыларына талаптар арта түсетін болады.

Бұл құжаттарда жүйеқұраушы қаржы ұйымдары: банкілер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдарына ерте ықпал ету жағдайы мен шаралар тәртібі белгіленген.

«Қазақстан Республикасындағы кредит бюросы мен кредит тарихын қалыптастыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банкілерге салынған депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаржы ұйымдарындағы орнықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

Атап айтқанда, түзетулер кредиттік бюроны лицензиялау мен бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысу тәртібі туралы мәселелерге қатысты.

Депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысушы банкі еріксіз таратылған жағдайда одан басқа депозитшілерге — кепілдендірілген депозит бойынша жеке тұлғаларға бес миллион теңге мөлшерінде қайтарым беру қарастырылған. Бұл ереже 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар