Мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарды ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарды ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарды ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарды ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қараша 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы 2001 жылдың 15 желтоқсанындағы меморандумды ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы 2002 жылдың 10 шілдесіндегі меморандумды ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша баяндама жасады.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысы бойынша, екі заңның атауы бірдей болғанымен оларды қол қойылған мезгілдеріне қарай ажыратады. 2001 жылғы 17-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың АҚШ сапары барысында тараптар халықаралық қауымдастықтың терроризмге, діни және саяси экстремизмге қарсы күресіндегі күш салысын қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеген. Біріншісіне 2001 жылы 15 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған. Халықаралық коалицияның Ауғанстанда жүргізіп жатқан лаңкестікке қарсы «Мызғымас бостандық» операциясын қолдау мақсатында ҚР мен АҚШ арасындағы үкіметаралық диологты нығайту үшін 2002 жылғы 10 шілдеде екіншісіне қол қойылған. «Мызғымас бостандық» операциясына қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша келісімге келген. Екіншісінде АҚШ әскери ұшақтары ауа-райына байланысты ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Алматы қаласының әуежайын пайдалануға рұхсат алуға қатысты қол қойылған. 2001 жылдан 2008 жылғы 31 тамызға дейін АҚШ және лаңкестікке қарсы коалицияға мүше мемлекеттердің әуе судналары Қазақстанның әуе кеңістігін 7326 рет, оның ішінде 45 рейс ауа райы жағдайына байланысты Алматы қаласының әуежайына қонған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар