Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады
Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Заң жобасы жайында Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндап берді.
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында әз-Захер Бибарыс Сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасына сәйкес, келісім бойынша тараптар әз-Захер Бибарыс Сұлтанның мешітін қалпына келтіруге бірлескен тәжірибелік шаралар қабылдайды. Қазақстан жағы 2007-2009 жылдар арасында қайтарымсыз 4 миллион 500 мың АҚШ долларын бөлетін болды. Ал Египет жағы 20 млн доллар бөледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін