Мәжіліс Қазақстанды авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымына біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанды авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымына біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымына біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 18-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру туралы" заң жобасын мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Ақпан 2004
  • 523
Фото - Caravan.kz

1996-жылдың 20-желтоқсанында Женевада қабылданған келісімде әдеби және көркемдік туындыларды тарату және прокатқа беру құқығын қорғау қарастырылған. Келісімде компьютерлік бағдарламалар, кинематографиялық шығармалар мен фонограмма авторларына бірыңғай құқық беріліп, оларға өз өнімдерінің түпнұсқасы мен көшірмелерін коммерциялық мақсатта прокатпен таратуға рұқсат беріледі.

Келісімге дүниежүзінің 40 мемлекеті, соның ішінде ТМД-ға қатысушы Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Украина елдері біріккен.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар