Мәжіліс Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияға біріктіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 28-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Каспийдегі теңіз ортасын қорғау туралы рамкалы конвенцияны бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 430
Фото - Caravan.kz



«Бұл конвенцияға қол қоюда Каспий теңізін ластанудан қорғау, ондағы биоресурстарды қорғау, сақтау, қалпына келтіру, тұрақты әрі тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігінен туындады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Конвенцияның 4-бабында келісімге қол қойған жақтардың ортақ міндеттемелері көрсетілген. Онда Каспий теңізінің ластануын азайту , қадағалау және оның алдын алуға қажетті шараларды өз бетімен немесе бірлесе қолдану, Каспийдегі теңіз ортасы мен ресурстарын сақтап қалу, қалпына келтіру және қорғауға шаралар қолдану қарастырылған. Конвенция талаптарын орындауда келісімге келуші тараптар басшылыққа алатын басты принциптердің бірі — «ластаушы төлейді» деген принцип болмақ. Соған сәйкес, теңіз бассейніне кері әсер етуші жақ теңіздің ластануын азайту, алдын-алу және бақылау шараларын жүзеге асыру шығындарын көтереді.
Конвенция 2003-жылдың 4-қарашасында Тегеранда дәйектелген. Оған Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қол қойды.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта