Мәжіліс Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіруді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіруді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіруді мақұлдады

Кеше, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіру туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 304
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошанов «келісім халықаралық тұрақты әуе тасымалын дамытуға септігін тигізеді» деп атап өтті.

Оның айтуынша, «келісімнің ережелері азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған тараптардың кез-келген әрекетіне шектеу қоймайды». «Келісуші мемлекет екінші елдің авиакәсіпорны кәсіпорын заң бұзған немесе келісімдегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда рұқсат бермеу немесе берілген рұқсатты қуатсыз ету құқығына ие болмақ»,- деді Е.Қошанов.
Құжат ережелеріне сәйкес, «келісуші жақтар келесі тарапқа өз аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, коммерциялық емес мақсатпен қонуға артықшылық береді».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта