Мәжіліс Қазақстанды химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіруді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанды химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын  реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіруді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіруді мақұлдады

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстанды жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығына қатысты алдын-ала негізді келісімге келу процедурасы жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіру және оны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Конвенцияның мақсаты — жекелеген қауіпті химиялық заттарды импорттаушы және экспорттаушы елдердің аумағында осындай өнімдердің айналымы мен пайдаланылуын қадағалауды бір жүйеге келтіру арқылы олардың халықаралық сауда-саттығын реттеу болып табылады»,- деді еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов.

Конвенция тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттар мен айрықша қауіпті пестицидтерге қатысты қолданылады.

Конвенцияға 1998-жылдың 10-қыркүйегінде қол қойылған. Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта