Мәжіліс Қазақстанды тауар классификациясының сәйкестілік жүйесіне біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанды тауар  классификациясының сәйкестілік жүйесіне біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды тауар классификациясының сәйкестілік жүйесіне біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 18-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды тауар классификациясының, тауарды сипаттаудың және оларға код тағайындаудың сәйкестілік жүйесі туралы халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ, аталмыш конвенцияға түзетулер енгізу жөніндегі хаттамаға біріктіру туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 495
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Сейітқали Мүлкиннің атап көрсетуінше, халықаралық Конвенцияның басты мақсаты — кедендік тарифтерді белгілеу және халықаралық сауда-саттық статистикасын жүргізу үшін тауарларды классификациялаудың біртұтас жүйесін енгізу болмақ.

«Тауар классификациясының, тауарды сипаттаудың және оларға код тағайындаудың сәйкестілік жүйесі — Бүкіләлемдік сауда ұйымы жасап шығарған айрықша маңызды құралдардың бірі болып табылады»,- деді ол. Бұл жүйе әлемнің 180 елі мен экономикалық одағында пайдаланылып, дүниежүзілік сауда-саттықтың 98 проценттен астамын қамтиды. Қазақстанды аталмыш конвенцияға біріктіру — тауарларды классификациялауды жеңілдетіп, құжаттар үлгісін стандарттауға, сауда-саттық саясатын қалыптастыруға жағдай жасайды ,- деді ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар