Caravan Logo

Мәжіліс Қазақстанды тауар классификациясының сәйкестілік жүйесіне біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанды тауар  классификациясының сәйкестілік жүйесіне біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Сейітқали Мүлкиннің атап көрсетуінше, халықаралық Конвенцияның басты мақсаты - кедендік тарифтерді белгілеу және халықаралық сауда-саттық статистикасын жүргізу үшін тауарларды классификациялаудың біртұтас жүйесін енгізу болмақ.

"Тауар классификациясының, тауарды сипаттаудың және оларға код тағайындаудың сәйкестілік жүйесі - Бүкіләлемдік сауда ұйымы жасап шығарған айрықша маңызды құралдардың бірі болып табылады",- деді ол. Бұл жүйе әлемнің 180 елі мен экономикалық одағында пайдаланылып, дүниежүзілік сауда-саттықтың 98 проценттен астамын қамтиды. Қазақстанды аталмыш конвенцияға біріктіру - тауарларды классификациялауды жеңілдетіп, құжаттар үлгісін стандарттауға, сауда-саттық саясатын қалыптастыруға жағдай жасайды ,- деді ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.