Мәжіліс Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің  транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 24-ұқаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттр "Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 709
Фото - Caravan.kz

«Бұл конвенцияға бірігу Қазақстанға теңіз державаларымен бірдей құқықпен ашық теңізге шығу еркіндігін пайдалану және теңізге еркін шығу мүмкіндігін беру арқылы республиканың транзиттік-транспорттық әлеуетін кең көлемде жүзеге асыруына жол ашып, Қазақстандағы сауда-саттық аясының кеңеюіне септігін тигізеді»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенция ережелері теңізге шығар жолы жоқ әрбір мемлекеттің теңізге еркін шығу құқығын заңдастырады. Конвенция құрлықішілік мемлекеттерге аймақтық және халықаралық сауда-саттыққа еркін атсалыса алуы үшін транзит мүмкіндігін еркін әрі шектеусіз пайдалану құқығын береді.

Конвенция 1965-жылдың 8-шілдесінде қабылданған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта