Мәжіліс Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінің жұмысын реттейтін хаттаманы ратификациялауды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінің жұмысын реттейтін хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінің жұмысын реттейтін хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

. ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 29 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, хаттама Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінің тізімін, статусы мен жұмыс кестесін анықтайды.

«Заң жобасын жүзеге асыру Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық бағытты дамытуға, қазақстандық-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, тауарлар мен жануарларды өткізу тәртібін жетулдіруге қолайлы жағдай жасайды», — деп мәлім етті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Нұржан Мырзалиев.

Оның айтуынша, хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды ары қарай нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Кеден одағына кіруін және үшінші елдермен шекараларын нығайту бойынша алған міндеттерін ескерсек, заң жобасын қабылдау мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыстарына қатысты хаттамаға өзгертулерді уақытында енгізуге мүмкіндік береді.

Н. Мырзалиевтің айтуынша, өзбек жағы бұл хаттаманы ратификациялаған.

Хаттамаға 2006 жылдың 4 қырқүйегінде Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Астанаға ресми сапары кезінде қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар