Мәжіліс "ҚР еңбек туралы" заңына енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "ҚР еңбек туралы" заңына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс "ҚР еңбек туралы" заңына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 19-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "ҚР еңбек туралы" заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Мамыр 2004
  • 1628
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы бойынша жұмыстардың басты мақсаты- бұған дейінгі заңдағы жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы мүдде теңсіздігін жою, қазіргі құқықтық-нормативтік база аясындағы қарама-қайшылықтарды арылту, еңбек қарым-қатынасында тараптар мүддесінің тепе-теңдігін сақтауға жағдай жасау болмақ»,- деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова.

Оның айтуынша, заң жобасында жұмысшылардың құқығы мен мүддесін қорғауға, олардың жағдайын әжептәуір жақсартуға бағытталған нормалар қарастырылған.
Атап айтсақ, заңға жеке еңбек келісім-шартына қол қою мерзімін реттейтін қосымша норма қамтылды. Г.Қарағұсованың айтуынша, «жеке еңбек келісім-шартында белгілі бір мерзім көрсетпеуге» басымдық беріледі. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «мерзімді еңбек шартына нақты мерзімін айқындамай негізсіз қол қойғаны үшін» жұмыс беруші жауапкершілік жүктейді, сондай-ақ, «жұмысшы уақытша еңбек қабілетінен айрылған және жыл сайынғы демалыста жүрген кезде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға» жол берілмейді.
Сондай-ақ, Г.Қарағұсованың айтуынша, ана мен бала мүддесін қорғау үшін «жұмыс берушінің бастамасымен аяғы ауыр немесе бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен еңбек келісім-шартын бұзуға» жол берілмейді. «Екіқабат әйелдерді ауыр және зиянды жұмыстара жегуге, оларға белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істетуге» тыйым салынады. Министрдің айтуынша, «бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін бөбекті емізуге арналған арнаулы үзілістер қарастырылған».
Сондай-ақ, Г.Қарағұсованың айтуынша, заң жобасында ұжымдық еңбек шартына қол қою және оны жүргізу тәртіптері мен ережелері жан-жақты дәйектелген. «Мерзімнен тыс жұмыстардың шектеулі шамасы айқындалды. Басқаша айтқанда, ондай жұмыс аптасына 4 сағаттан артық созылуға тиіс емес. Ал ауыр дене еңбегіне негізделген және зиянды жұмыстарда аптасына 2 сағаттан аспауы тиіс».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар