Мәжіліс ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны қызметтен босату туралы мәселені қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны қызметтен босату туралы мәселені қарайды

Мәжіліс ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны қызметтен босату туралы мәселені қарайды

13-сәуір, сәрсенбіде мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны қызметтен босату туралы мәселені қарайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістегі сенімді ақпарат көзі хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2005
  • 348
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге мәжілістің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы мен хатшысын, сондай-ақ, оның мүшелерін сайлау туралы мәселе талқыланады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, комиссия төрағасы мен мүшелерін лауазымынан босату туралы таныстыруды Республика Ата заңының 56-бабына сәйкес мемлекет басшысы енгізеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қазіргі әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың кандидатурасы ұсынылмақшы.
Ақпарат көзінің түсініктемесіне жүгінсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының өкілеттілік мерзімі биылғы жылдың 4-мамырында аяқталады.

Перейти к новостям спорта