Мәжіліс ҚР су кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ҚР су кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдады

Мәжіліс ҚР су кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдады

Бүгін, 4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары ҚР су кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 4 Маусым 2003
  • 628
Фото - Caravan.kz

Заң жобасының басты мақсаты- су тұтыну ахуалын тұрақтандырып, экологиялық қауіпсіз әрі экономикалық тиімді су тұтыну деңгейіне қол жеткізу , Республикадағы су қорын қорғау болып табылады.

Мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Тито Сыздықовтың айтуынша, заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында жұмыс тобы 9 отырыс өткізіп, 400-ге жуық ұсыныстар мен ескертпелерді қараған. Салыстырма кестеге жалпысы 344 түзету енгізіліпті.
Су кодексінің жобасында су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең өзекті мәселелердің шешімі ескерілген ,- дейді комитет төрағасы.
Айталық, аймақтық су шаруашылығы басқармаларының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау функциясы күшейтіліп, бақылаушы мекемелер мен су қорын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзырет-құқық аясы нақты белгіленген .
Суармалы диханшылық саласын сумен қамтамасыз ету тауқыметін тиімді шешу үшін заң жобасына «гидромелиоративтік кондоминимум» деп аталатын жаңа ұғым енгізілді.
Бұл — су шаруашылық нысаны ортақ меншікте, ал суармалы жерлер жеке меншікте немесе жекелеген тұлғалардың уақытша тұтынымында болатын меншіктің өзгеше түрі.
Сонымен бірге заң жобасында су шаруашылық жүйесі мен ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін мемлекет тарапынан қолдау, ауыз сумен қамтамасыз ету қызметіне субсидия бөлу туралы баптар қарастырылып, айрықша мемлекеттік маңызды су нысандары айқындалған.

Соңғы жаңалықтар